One fine body…
Version for the visually impaired
Факультеттің деканы – медицина ғылымдарының кандидаты, Куленова Гульнара Борисовна
Куленова Гульнара Борисовна 1976 жылдың 16-шілдесінде дүниеге келген. Өскемен қаласындағы № 7 орта мектептен білім алған. 1993-2000 жылдарында ШҚМУ-де «Медицина және сауықтыру ісі» мамандығын бітірген. 2000 жылы 14.00.07.-«Гигиена» мамандығы бойынша аспирантураға түсіп, 2002 жылдан бастап физиология кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарды. 2005 жылдың желтоқсанында медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін, «Агломерация үрдісінде қорғасын өндірісінің қолайсыз факторларының әсерін бағалаудағы қызметкерлердің денсаулық жағдайы» тақырыбында ғылыми кандидаттық диссертация қорғады. 2006 жылдың қазан айы мен 2007 жылдың желтоқсан айы аралығында экология және жаратылыстану факультетінің ғылыми жұмысы жөнінде деканның орынбасары қызметін атқарады. 2008 жылдың сәуірінен бастап анатомия және физиология кафедрасының меңгерушісі болды. 2010 жылдың 1-қыркүйегінде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ң мәдениет және спорт факультетінің алғашқы әскери дайындық және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. 2014 жылдың мамыр айынан бастап мәдениет және спорт факультетін басқарып, 2015 жылдың маусымында екі факультетті қайта ұйымдастыру негізінде (психология және педагогика, мәдениет және спорт факультеттері) психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканы болып қызмет атқарады.