Сармулдинов Ризабек Бариевич
педагогика ғылымының кандидаты, доцент

1977 жылы Өскемен педагогикалық институтын аяқтап, жалпы спорттық пәндер кафедрасына оқытушы лауазымына жұмысқа қабылданды.
1996 жылы кандидаттық диссертация қорғады және спорт пәндері кафедрасын басқарды.
1997 жылдан бастап Дене тәрбиесі және спорт факультетін басқарды. Факультет деканы ретінде факультетіміздің студенттік ұжымы төрт жыл қатарынан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында Универсиада чемпионы атанды. (2008,2010,2012,2014 жылдар), ал 2013 жылы Қазақстан Республикасының Жазғы Универсиадасында қола медальға ие болды.
Түлектер:
– ЖОО арасындағы Олимпиадалық ойындарда 12 халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
– Әлемдік және Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары атанған халықаралық дәрежедегі 22 спорт шебері.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жұмыс өтілі – 41 жыл.