Радченко Наталья Николаевна

1995 жылы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Өскемен педагогикалық колледжін қызылға, 1996 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі факультетінің «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын бітірген.
1996 жылдан 2009 жылға дейін бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарды. 2008 жылы Қарағанды қаласында 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы, профессор Завалко Надежда Александровнаның жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғады.
2009 жылдың қыркүйек айынан бастап С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бастауыш білім теориясы мен әдістемесі» кафедрасында оқытушы, 2010 жылдан бастап аға оқытушы болып қызмет атқарды.
2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін аталған жоғары оқу орнында педагогика психология және мәдениет факультетінің педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының меңгерушісі.